
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орта үлкен орынға ие және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық, психологиялық, тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына да қатысты болып табылады. Осыған орай бүгін топ эдвайзер-кураторы, Экономика кафедрасының профессоры Даулиева Ғалия Рахметовнаның ұйыдастыруымен «Экономика» мамандығының 3 курс студенттерімен «Кәсіпкерлік және Бизнес» атты кураторлық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында еліміздің табысты жас кәсіпкерлерімен таныс болып, қызықты мәліметтер алынып, талқыға түсті.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |