- Басты бет
- Жаңалықтар
- Корвинус Университетінің (Венгрия) менеджмент профессоры Золтан Бузаданың Мастер-класс нәтижелері.
Корвинус Университетінің (Венгрия) менеджмент профессоры Золтан Бузаданың Мастер-класс нәтижелері.
2021 жылы 15 наурызда Microsoft Teams платформасында көшбасшылықты дамыту жөніндегі халықаралық сарапшы, Корвинус Университетінің (Венгрия) менеджмент профессоры Золтан Бузада PhD докторы халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасымен бірге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үшін керемет мастер-класс өткізді. Мастер-класстың тақырыбы АҒЫМ психикалық жағдайын құру арқылы қызметкерлердің жұмысқа деген көзқарасын өзгертіп мемлекеттің және ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды.
Мастер-класстың практикалық мақсаты - пандемиядан кейінгі дәуірде қажетті көшбасшылық қасиеттерді қалай дамыту керектігін түсіну және жобаларды ғана емес, сонымен қатар өз мансабын және өз қабілеттерін басқара білу. Жағымсыз оқиғалардан көңіліңізді қалдырмай бәрін жай ғана сүйіспеншілікпен және қызығушылықпен жасап сәттілікке жету!
Ағымдағы көшбасшылықты дамыту бойынша халықаралық сарапшы, FLIGBY-дың құрастырушысы және елшісі Золтан Бузады қазіргі уақытта Венгриядағы ең көне университет Корвинус университетінің менеджмент және көшбасшылық профессоры болып табылады. Ол «Missing Link Discovered: Planting Csikszentmihalyi’s Flow Theory into Management and Leadership Practice by using FLIGBY, the Official Flow-Leadership Game» кітабінің авторларының бірі. FLIGBY - бұл көшбасшылық дағдыларды алуға және жұмсақ дағдыларды («soft skills») - біздің мансабымыз бен табыстарымызға тәуелді дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін авторлық іскери ойын. Топтың барлық мүшелеріне өздерінің шынайы қабілеттерін ашуға мүмкіндік бере отырып, жетістікке жету - көшбасшылардың міндеті. Профессор Бузаданың Қазақстанда, Ресейде және Орталық Азияда топ-менеджментті дамыту бойынша тренингтер ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі бар. Ол бірнеше жүздеген қазақстандық корпорациялардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың басшыларына арналған тренингтер өткізді. Золтан Бузады көшбасшылық қасиеттерді дамыту нәтижесінде қазақстандық менеджерлердің зор әлеуетіне сенімді!
Сіздің назарыңызға мастер-класстың жазбасы: