«ЕВРАЗИЯДАҒЫ ДАНТЕ ЗЕРТТЕУЛЕРІ МЕН ИТАЛИЯ ӘДЕБИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ

26 наурыз, 2021

2021 жылы 25 наурызда ұлы итальян ақыны, әдеби итальян тілінің негізін қалаушылардың бірі Данте Алигьериге арналған халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараны Италияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.

Іс-шараға әлемнің әртүрлі елдерінен итальяндық мәдениетке қатысты сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Шақырылған сарапшылардың қатарында Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Романдық зерттеу орталығының директоры Чукубаев Ермек Самарұлы болды. Симпозиум іс-шараның бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейде ақпараттық баяндамалармен және көңілді атмосферада өтті.