Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері

26 наурыз, 2021

Педагогикалық практика жетекшісі және модератор, ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Әскенұлы Е. конференцияны ашып кіріспе сөз айтты. ҚазҰУ-нің дінтану мамандығының 1-курс магистранты Исаев Абдіхакім конференция барысында ұлы тұлға Абайдың қара сөздері мен өлең шумақтарына заманауи көзқараспен қаралып, талдау жасады. Ғұлама Абайдың өскелең ұрпаққа берер кең мұрасы баяндалды. Сонымен қатар, конференцияда бірнеше ғылыми жаңалықтар қолданылып, студенттерге кітап оқуға қатысты тың мәліметтер берілді. Мортимер Адлер, Барбара Оакли, Марк Тигелаар секілді танымал авторлардың кітаптарынан кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға көмектесетін әртүрлі мысалдар мен кеңестер келтірілді.

Конференция барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ұстаздары Кульбаева Дина ханым мен Еменова Гульнар ханым Абайдың дана ойлары турасында өз пікірлерін қосып, жастарға өнегелі кеңестерін айтты. Сонымен қатар, ҚазҰУ-нің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы дінтану мамандығының 1-курс магистранты Баттал Гүлдана мен исламтану мамандығының 2-курс студенті Тулегенова Арайлым конференцияға қатысты өз ойларын білдірді. Конференцияны философия ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Нағима Жаулыбайқызы кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы жайлы түйінді ойларымен тәмамдады. Конференция соңында қатысушы ұстаздар мен шәкірттер ризалықтарын білдіріп, ізгі тілектерін арнады.

Конференцияға ҚазҰУ-нің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы дінтану мамандығының 1-курс магистранттары, исламтану мамандығының 2-курс студенттері; М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ұстаздары мен студенттері; Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті магистранты; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттері; Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті студенттері; Халықаралық бизнес академиясы (Алматы Менеджмент Университет (AlmaU) студенттері; Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті студенттері; М. Әуезов Атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті студенттері.

Конференцияны ұйымдастырушы: ҚазҰУ-нің дінтану мамандығының 1-курс магистранты Исаев Абдіхакім, ғылыми жетекші, философия ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Н. Ж., педагогикалық практика жетекшісі және модератор, ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Әскенұлы Е.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы.

Байтенова Н. Ж. филос. ғ. д., профессор, аға оқытушысы Әскенұлы Е. дінтану мамандығының 1-курс магистранты Исаев Абдіхакім