ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ОНЛАЙН ФОРУМЫ - IFJ2021 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 
                Ғылыми жиынға АҚШ, Австралия, Еуропа, Түркия және Орта Азия мемлекеттерінің ғалымдары, еліміздің және шетелік ЖОО оқытушы-профессорлары, PhD докторанттар мен магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.
Академиялық пікірталас төмендегі
бағыттар бойынша өтеді:
Әл-Фараби мұрасындағы
медиаэтика:
 • Адам туралы ғылым және білім қоғамы
 • Ақпараттық пандемия кезеңіндегі адамгершілік этикасы
 • Болашақтың этикасы немесе медиаталғам таразысы
 
 
Медиаэтика ғылымына
жаңа көзқарас:
 • Медиа маманның моральдық дамуы
 • Журналистің кәсіби стандарттары
 • Әлеуметтік медиа алаң және этикалық ережелер дағдарысы
 
 
Этикалық диллема – гуманитарлық технологиялардың жаңа парадигмасы:
 • Цифрлық қоғамдағы этикалық диллема
 • Цифрлық адам философиясы
 • Ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік медиа философия
Форум материалдары жеке жинақта шығарылады.
 Жарияланымның негізгі шарты - баяндаманы форумға дайындау. Ұйымдастыру алқасы форум басталғанға дейін бағдарлама мен баяндамалар жинағын дайындап шығарады. Баяндамалардың мазмұны форум тақырыбына сәйкес болуы тиіс.
Материалдар 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.
Жарияланым талаптары:
 
 1. Баяндама (мақала) мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде MS Word бағдарламасында әзірленуі қажет. Кестелер,сызбалар және суреттер атауымен Windows бағдарламасында құрылуы керек.
 2.Беттің параметрлері: барлық өрістері - 2 см.
 3. Қаріп: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
 4. Жоларалық интервал - 1. Абзац: 1,25 см.
 5. Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөзді белгілеу қажет. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында үлгіге сәйкес рәсімделеді. Әдебиетке сілтеме "квадрат" жақшада нөмірлерге сәйкес ретімен жасалуы керек. Мысалы: [1, 17].
 
 Мақаланың (баяндаманың) элоктронды нұсқасын мына e-mail-ға жіберу қажет: mediaschoolalmaty2020@gmail.com
 
 Редакциялық алқа баяндамаларды өздері таңдайды.
 Форумға қатысу үшін өтінімді төмендегі нысан негізінде 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсыну қажет.
ТІРКЕУ НЫСАНЫ
 
 1.Тегі, аты-әкесінің аты(толықтай) __________________________
 2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы__________________________
 3. Мекеме, лауазымы ______________________________________
 4.Мекен-жайы____________________________________________
 5.Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)______________
 6.E-mail__________________________________________________
 7.Мақаланың тақырыбы____________________________________
Баяндаманы форумға дайындау
 Тыңдаушы ретінде қатысу
 ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
 Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби
 атындағы ҚазҰУ Жрналистика факультеті
 Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының
 докторы, профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева тел.: +77272211492, моб.:
 +77073777049
 Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра
 меңгерушісінің орынбасары Алтын Бақашқызы Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.:
 +77772750861
Оқытушы: Елғондинова Аружан Дидарқызы
 
         
                                 
                                