- Басты бет
- Жаңалықтар
- Хинди тіліндегі кітаптардың библиографиялық сипаттамалары қазақ және орыс тілдеріне аударылды
Хинди тіліндегі кітаптардың библиографиялық сипаттамалары қазақ және орыс тілдеріне аударылды
2021 жылы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы әлем әдебиетінің оқу залында орналасқан Үндістан кітап қорындағы жаңа кітаптардың библиографиялық сипаттамаларын қазақ және орыс тілдеріне аударып, көмек көрсеткені үшін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультеті үнді бөлімінің оқытушылары мен студенттеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Үндітану бөлімінің меңгерушісі Таирова Дильназ Нурлановна, үнді тобының үшінші курс студенті Кизбаева Назира Нышанқызы, 1 курс докторанты Алипбаева Бота Асқарбекқызы, сонымен қатар Үндістан Елшілігі хинди тілі курсының студенті Климович Надежда Александровна алғыс хаттармен марапатталды. 2021 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшілігі Ұлттық кітапханадағы үнді кітап бұрышына хинди тіліндегі әр түрлі бағыттағы 326 кітапты сыйға тартты. Бұл қор 2005 жылы Қазақстандағы Үндістан Республикасы Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы келісім негізінде ашылған еді. Қордың қызметі оқырмандарға Үндістан туралы хинди, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттерді ұсыну, Үндістанның экономикасы, саясаты, мәдениеті мен ғылымы бойынша электронды ресурстарды қалыптастыру және қол жетімді ету, үнді мәдениетін дамыту мен танымал етуге көмектесу және т.б.