«ЕЛ РУХЫ»: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МЕДИА КЕҢІСТІГІ»

2021 жылы 23 сәуірде сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің № 214 Е.Шаймерденов атындағы аудиторияда Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы мен Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы – ТҮРКІСОЙмен бірлескен шара «ЕЛ РУХЫ»: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МЕДИА КЕҢІСТІГІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция. өтеді.
Халықаралық онлайн-конференцияға АҚШ, Түркия және Орта Азия мемлекеттерінің ғалымдары, еліміздің және шетелік ЖОО оқытушы-профессорлары, PhD докторанттар мен магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.
Халықаралық онлайн-конференция төмендегі бағыттар бойынша өтеді:
Қазақстанның тәуелсіз баспасөзі «Ел рухы» матрицасы;
Ғаламдық медиа кеңістіктегі ұлттық трендтер;
Ақпараттық пандемия жағдайындағы әлеуметтік калейдоскоп;
Цифрлық адам мен виртуалдық қоғам диллеммасындағы медиакод.
Конференция материалдары жеке жинақта шығарылады.
Жарияланымның негізгі шарты - баяндаманы конференцияға дайындау. Ұйымдастыру алқасы форум басталғанға дейін бағдарлама мен баяндамалар жинағын дайындап шығарады. Баяндамалардың мазмұны конференция тақырыбына сәйкес болуы тиіс.
Материалдар 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады.
Жарияланым талаптары:
1. Баяндама (мақала) мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде MS Word бағдарламасында әзірленуі қажет. Кестелер,сызбалар және суреттер атауымен Windows бағдарламасында құрылуы керек.
2.Беттің параметрлері: барлық өрістері - 2 см.
3. Қаріп: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
4. Жоларалық интервал - 1. Абзац: 1,25 см.
5. Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөзді белгілеу қажет. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында үлгіге сәйкес рәсімделеді. Әдебиетке сілтеме "квадрат" жақшада нөмірлерге сәйкес ретімен жасалуы керек. Мысалы: [1, 17].
Мақаланың (баяндаманың) элоктронды нұсқасын мына e-mail-ға жіберу қажет: mediaschoolalmaty2020@gmail.com
Редакциялық алқа баяндамаларды өздері таңдайды.
Конференцияға қатысу үшін өтінімді төмендегі нысан негізінде 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсыну қажет.
ТІРКЕУ НЫСАНЫ
1.Тегі, аты-әкесінің аты(толықтай) __________________________
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы__________________________
3. Мекеме, лауазымы ______________________________________
4.Мекен-жайы____________________________________________
5.Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)______________
6.E-mail__________________________________________________
7.Мақаланың тақырыбы____________________________________
Баяндаманы конференцияға дайындау
Тыңдаушы ретінде қатысу
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ Жрналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының
докторы, профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева тел.: +77272211492, моб.:
+77073777049
Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра
меңгерушісінің орынбасары Алтын Бақашқызы Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.:
+77772750861
Оқытушы: Елғондинова Аружан Дидарқызы
Конференцияның жеке идентификаторы: 255 561 2377 Код : 4E4CM3
Басқа жаңалықтар
