«Жаңа жылдық жұптасқан жазулар жəне терезе өрнектері» онлайн-конкурсы

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі «Жаңа жылдық жұптасқан жазулар мен терезе өрнектері» атты онлайн-конкурс өткізді. Байқау Қытайдың жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылды. Байқауға қатысу шарты қызыл қағазға жұптасқан жазулар жазу (қытай каллиграфиясы) немесе терезелерге жапсырылатын өрнектер қиып, бейнежазбаны жіберу.
Бұл сайыста әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультетінің бірінші курс студенті Досбаева Несібелі бірінші орынға ие болды. 19.03.2021 жылы онлайн-марапаттау рəсімі өтті, оған Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Чжан Сяо қатысты. Ол барлығын көктем мерекесімен құттықтап, барша қазақстандықтарды Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарын көруге шақырды.
Марапаттау рəсімінің толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады: h"ps://www.instagram.com/tv/ CMwnPCvA7LG/?igshid=1nkusphesumjx
Досбаева Несібелі дайындаған «对联» бейнеклипін төмендегі сілтеме арқылы көруге болады: https://drive.google.com/file/d/1U-2y_q_kien__ZPXe4MLAkqnYPifMYIQ/view? usp=drivesdk
Басқа жаңалықтар

