Магистранттарға арналған «Кәсіби дамуға бағытталған дағдыларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция

3 сәуір, 2021

Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің шетел тілдері кафедрасы Zoom платформасында магистранттарға арналған «Кәсіби дамуға бағытталған дағдыларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны онлайн режимінде өткізді. Алыс және жақын шетелдерден жиналған 70-тен астам жас зерттеушінің конференциясы ­- идеялар мен ғылыми әзірлемелермен алмасу алаңына айналды. Бұл шараның  ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін ағылшын тілінде баяндап ұсынды.

https://egemen.kz/article/270273-almatyda-magistranttardynh-khalyqaralyq-konferentsiyasy-otti
©
egemen.kz