Магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі

3 сәуір, 2021

Биылғы оқу жылы әлем үшін, еліміз үшін, университетіміз үшін әдеттегіден бөлек, ерекше өтіп жатқаны анық. Әлемдік пандемияға байланысты дағдарыс жағдайында магистранттардың шет елдік университеттерге шығуы, ғылыми тағылымдамадан өтуі де бір жылдан бері тоқтатылғаны белгілі.

Осынау әлемдік дағдарыс жағдайында факультет магистранттары онлайн және оффлайн аралас форматтарында Алматы қаласындағы ғана емес, еліміздің басқа да облыс, қалаларында орналасқан биотехнология, биология саласындағы Отандық ғылыми ұйымдардың базасында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Айта кету керек, бұған кафедралардың Отандық ғылыми ұйымдармен ұзақ жылдардан бері тығыз байланыстар орнатуы, алдын-ала келісім-шарттарға қол жеткізуі үлкен септігін тигізіп отырғаны анық.

 

Осы орайда факультет және кафедралардың басшылығы барлық ғылыми серіктес ұйымдарымызға алғысын білдіре отырып, арадағы ара-қатынасты ары қарай нығайтатынызға сенім білдіреді.