«ПАНДЕМИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА ӘСЕРІ: ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ӘСЕРЛЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияFarabi University

«ПАНДЕМИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА ӘСЕРІ: ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ӘСЕРЛЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

6 сәуір, 2021

9 сәуір сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ, Менеджмент кафедрасы Экономика және бизнес Жоғары мектебі ұйымдастыруымен, «Пандемияның тұрақты даму мақсаттарына әсері: тенденциялар мен әсерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде "Пандемия жағдайындағы дағдарысқа қарсы басқару: механизмдер мен сценарийлер" (2021 жылғы 8-9 сәуір) тақырыбында 2-секцияның отырысын өткізеді. Конференцияның мақсаты - COVID-19 пандемиясының болашақта ТДМ-ға жалпы қол жеткізуге әсерін талқылау, сондай-ақ дамушы елдердегі жағымсыз салдарларды азайтудың негізгі тетіктерін анықтау. Конференцияға жетекші отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

Конференция секциясында спикерлер ретінде "Жетісу" банкроттық саласындағы кәсіби басқарушылар одағы төралқасының төрайымы М.М. Кабикенова, э.ғ.д., Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты директорының орынбасары М.У. Спанов, э.ғ.к., Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары Б.Т. Токсеитов, әлеуметтану ғылымдарының докторы, "БелГУ" ҒЗУ (РФ) Әлеуметтік технологиялар және мемлекеттік қызмет кафедрасының меңгерушісі В.А. Сапрыка және э.ғ.д., профессор, Менеджмент кафедрасының меңгерушісі А.Н. Тургинбаева баяндама жасайды.