Пандемиядан кейінгі әлемнің экономикасы: жас зерттеушілердің көзқарасы

6 сәуір, 2021

 

2021 жылдың 6 сәуірінде "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы аясында ЭжБЖМ бағыты бойынша "Пандемиядан кейінгі әлемнің экономикасы: жас зерттеушілердің көзқарасы" конференциясының пленарлық отырысы өтті. Конференция шеңберінде келесідей бағыттар бойынша секциялар жұмысы ұйымдастырылды:

 

  1. Қазақстан Республикасының пандемиядан кейінгі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулары мен трансформациясы;
  2. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі бизнес-технологиялардың заманауи трендтері;
  3. Пандемия жағдайындағы қаржылық тетіктердің және есепке алу-талдау жүйесінің болмысы мен даму стратегиясы;
  4. Қазақстанның пандемиядан кейінгі жағдайларындағы экономикалық процестерді басқару және мемлекеттік реттеу.