«Болашақ шығыстанушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту» тақырыбында дәріс Farabi University

«Болашақ шығыстанушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту» тақырыбында дәріс

7 сәуір, 2021

         2021 жылдың 3 сәуірінде Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Г.Б. Тазабекова және Ш.Т. Сауданбекова жетекшілігімен жапонтану және корейтану бөлімдерінің 1,2,3,4 курс студенттері үшін «Болашақ шығыстанушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Қиыр Шығыс кафедрасының түлегі, халықаралық қатынастар магистрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Стратегиялық Жоспарлау Басқармасының Кеңесшісі Мұстафин Ержан Амангелдіұлы дәріскер ретінде шақырылды. Дәріске студенттер мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Ержан Амангелдіұлы дәріс барысында өзінің өмір жолы туралы сөз қозғап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, ол кез келген мақсатқа жету үшін, адамның еңбекқорлығы, мақсат қоя білу қабілеті және өзінің бойындағы қадір-қасиеттерін дамыту қажеттігін атап өтті. Студенттер Ержан Амангелдіұлына әсерлі және қызықты дәрісі үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Онлайн-кездесу жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті.