«Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы» тақырыбында өткізілген кураторлық сағатFarabi University

«Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы» тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

8 сәуір, 2021

АЖ-17-6 тобының студенттеріне Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойына арналған кураторлық сағат өтті. Алты Алаштың арысы – Әлихан Бөкейханов  мұрасын студенттерге таныстыра отырып, студенттерді  патриоттық сезімге тәрбиелеу жұмысы жүргізілді. Топпен жұмыс жасауда өзіндік ойларын ортаға салуға, сыни ойлауға, ой қорытынды жасауға мүмкіндіктер берілді. Кураторлық сағат топ эдвайзері Максутова Шынар Усеровна және АЖ мамандығының 1 курс магистранты Жұматай Жансұлудың жетекшілігімен жүргізілді.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы