Құттықтаймыз! Биотехнология кафедрасының ұжымы биология ғылымдарының кандидатын, доцент Бержанова Рамза Жаинабековнаны "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2020" атағымен құттықтайды

8 сәуір, 2021

ҚР Білім және ғылым министрлігінде «ЖОО Үздік Оқытушысы – 2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті. Конкурсқа Республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты, соның ішінде біздің университеттен қатысқан үміткерлер болды. Біздің Университеттен 18 оқытушы "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020" атағына ие болды. Конкурс жеңімпаздарына біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.

Бержанова Рамза Жаинабековна-биология ғылымдарының кандидаты (2006), қауымдастырылған профессор (2021). Р.Ж. Бержанова 45 - тен аса ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде 7 патент, 35 мақала, Web on Science идекстелетін жүйесінде 6 импакт факторы жоғары мақалалары жарияланды «Applied Microbiology and Biotechnology» (импакт фактор 3,8, Q1), «International Journal Phytoremediation» (импакт фактор 2,568, Q2) Жарияланған мақалалар Web on Science идекстелетін жүйесінде Q1 - Q2 квартильге кіреді. Хирша индексі - 4. Р. Ж. Бержанованың ғылыми-педагогикалық өтілі 18 жылдан астам.

Рамза Жаинабековна - Германияның Эрнст-Моритц – Арндт университетінің, микробиология институтының докторы Аннет Миколошпен, сондай-ақ РҒА, Саратов қ. Өсімдіктер мен микроорганизмдер биохимиясы және физиологиясы институтының, биология ғылымдарының докторы, профессор Муратова Анна Юрьевнамен бірлесіп жұмыс атқаруда. Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналда бірлескен мақалалары дайындалған.

Биотехнология кафедрасының ұжымы 2020 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" грантының иегері Бержанова Рамза Жаинабековнаны ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбие жұмысындағы жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар, жаңа жетістіктер және одан әрі өркендеуді тілейді!