«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫFarabi University

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

9 сәуір, 2021

08.10.2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті, Кеден,қаржы және экологиялық құқық кафедрасында Халықаралық “Фараби әлемі” атты ғылыми конференциясы онлайн форматта өткізілді. Конференцияға студенттер, оқытушылар және қос дипломдық білім беру бағдарламасы “Теңіз және энергетикалық құқық” мамандығының магистранттары қатысты. Конференцияға қатысушы жас ғалымдар өздерінің баяндамаларын қорғап, тақырыптарын ортаға салды. Баку мемлекеттік университетінен әзірбайжандық магистранттармен Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы теңіз және энергетикалық құқық саласының дамуы мен құқықтық жағдайы талқыланып, жас ғалымдарға бағыт бағдар берілді.