«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өтті

2021 жылдың 6-8 сәуірі аралығында ҚазҰУ, Шығыстану факультетіндестуденттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты кезекті халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция төрт секция бойынша жұмыс істеді. Бірінші секция «Шығыс елдерінің тарихы, экономикасы және саясаты», екінші секция «Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері және Шығыс елдерінің әдебиеті», үшінші секция «Шығыс елдерінің діні, мәдениеті, қоғамы», төртінші секция «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы шығыс елдері» деп аталып, қатысушылар өз баяндамаларын ұсынды.
Биылғы конференция еліміздегі және әлемдегі пандемия жағдайына баланысты он-лайн форматында өткізілді. Соған қарамастан әртүрлі жоғары оқу орындарынан қатысқан студенттер белсенділік танытып, бақтарын сынады.
Қытайтану кафедрасының студенттері де конференцияда баяндамалар жасап, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері және шығыс елдерінің әдебиеті» секциясы бойынша бірінші орынды «Аударма ісі» мамандығының 2 курс магистранты Үйкекбай Әсем иеленді, ғылыми жетекшісі Досымбекова Рауан; «Аударма ісі» мамандығының 1 курс магистранты Жақсылықова Мөлдіриеленді, ғылыми жетекшісі Бисенбаева Жанат. Ал, «Шығыс елдерінің діні, мәдениеті, қоғамы» секциясы бойынша бірінші орынды«Шетел филологиясы» мамандығының 4 курс студенті Ниязова Асылжан иеленді, ғылыми жетекшісі Қойбақова Айжан.
Конференцияда жүлделі орынға ие болған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Инемен құдық қазғандай білім жолында алар асулары биік болсын!
Конференцияның жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне алғыс білдіреміз!
Басқа жаңалықтар


