Республикалық пәндік олимпиада өтті

2021 жылдың 8 сәуір күні «Шетел тілдері» (шығыс тілдері) мамандықтар тобы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Екі этаптан тұратын олимпиада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде онлайн форматта өтті.
Бұл олимпиадаға ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «Шетел филологиясы» мамандығының студенттері қатысып, бақтарын сынады. Бірінші кезең талабы белгілі бір тақырыпта қытай тілінде эссе жазу болды. Бұл кезеңде жоғары балл жинаған студент екінші кезеңге жолдама алды. Екінші кезеңде студенттер «Болашақтың ғылымы - жаңа заманғы филология» тақырыбы аясында жоба жасап, қытай тілінде қорғап шықты.
Байқау нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен, қытайтану кафедрасының 4 курс студенті Ниязова Асылжан екінші орынды иеленді. Ниязова Асылжан мен жетекшісі, қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Қойбақова Айжанды әріптестері атынан жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар


