Жазғы студенттік Көшбасшылық мектебі

31 мамыр, 2011

Қурметті ҚазҰУ студенттері мен Жазғы семестрге шақырылған студенттер! ҚазҰУ Маңсап және бизнес орталығы мен Қазақстандағы Британдық түлектер клубы Жазғы студенттік Көшбасшылық мектебіне қабылдау мерзімі 4-ші мен 17-ші маусымның арасында өтуін жариялайды.

Жазғы студенттік Көшбасшылық мектебі – бұл студенттерге арналан бағдарлама. Жазғы мектеп бағдарламасының мақсаты – студенттердің кәсіби дағдыларының қалыптасуы. Бағдарламаның негізін маңсап басқару методологиясы мен жеке тиімділікке арналған тренингтер құрайды.

Бағдарлама қатысушылар үшін Success Motivation, Қазатомпром, Жапония елшілігі, АҚШ елшілігі, Ел Арна, «Астана групп» холдингі, KPMG, Deloitte, Microsoft Қазақстан, Қазастанның Британдық түлектер клубы, GSM Қазақстан, Beeline, ААҚО, ҚСЗИ және т.б.Қазақстанның және халықаралық Көшбасшылық дәрістер өткізіледі.

Тренингтің жабылуы Ыстықкөлде өтеді, тренингке Ali.Suetov@kaznu.kz, элекрондық пошта арқылы жазылуға болады, өз түйіндемені «Жазғы студенттік Көшбасшылық мектебі» белгісімен жіберіледі. Қосымша мәлімет алу үшін 377 33 73 Маңсап және бизнес орталығына хабарласасыз. (Ректорат, 1 қабат, сол қанат).