Магистранттар Нұр-Сұлтан қаласына ғылыми тәжірибеге аттанды

![]() |
![]() |
![]() |
Информатика кафедрасының «7M06103 - Компьютерлік инженерия» және «7М06104 - Компьютерлік ғылымдар» мамандықтарының 2-ші курст магистранттары ғылыми-зерттеу мақсатымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana IT University» және «7M01502 – Информатика» мамандығының Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне 12.04.2020-24.04.2021 аралығында өтетін ғылыми іс-сапарға аттанды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (бұдан әрі ЕҰУ) мен Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде білім алушылардың ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де 2021 жылдың 12-22 сәуір аралығында қашықтықтан ғылыми тағылымдамадан өтілуде. ЕҰУ-нің Информатика кафедрасында осы мамандық бойынша п.ғ.д., профессор Мубараков А.М., п.ғ.д., профессор Серік М.С. жұмыс істейді.
Тағылымдамада магистранттарымыз үшін ғылыми тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болып табылады және жемісті ынтымақтастыққа әсер етеді.
Басқа жаңалықтар
