- Басты бет
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік жастар саясаты: жастармен жұмыс жасаудың мәселелері мен заманауи технологиялары
Мемлекеттік жастар саясаты: жастармен жұмыс жасаудың мәселелері мен заманауи технологиялары
Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, РФ Бірінші Президенті Б.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің, сондай-ақ Свердловск облысының Патриоттық білім беру аймақтық орталығының ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауымен өтті.
Университет атынан философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты Омирбекова А.О. құттықтау сөз сөйледі. Конференция аясында төрт пікірталас алаңы жұмыс істеді. «Жастардың әлеуметтік ауытқулары: көріністері, динамикасы, алдын-алу» атты пікірталас алаңында, РФ Бірінші Президенті Б.Ельцин атындағы Урал федералдық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қос дипломдық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы мен педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының магистранттары баяндама жасады.
Конференцияның жұмысына Алматы, Бішкек, Киров, Екатеринбург, Ижевск, Кемерово, Курган, Нижневартовск, Новосибирск, Орел, Дондағы Ростов, Саратов, Сургут, Тверь, Чита, Якутск және Ярославльдан барлығы 250-ден астам тыңдаушылар мен спикерлер қатысты.