Желілік технологиялар бойынша «Cisco» студенттiк олимпиядасы өтеді

1 маусым, 2011

«Cisco» студенттiк олимпиядасы «Cisco» желілік академиясы бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асады. Бұл желілік академиялық бағдарлама бүгінде 168 елде жұмыс iстейді. Бағдарлама теория және тәжiрибе бойынша жобалау, құрылыс, iргелi және жергiлiктi желiлерді танымал стандарттармен қолдануын әзiрлеу мамандарын даярлауға бағытталған. «Cisco» желілік академиясы оқытушылармен байланыс орната отырып, Web-пен сәйкестікті, үйретудің электрондық үлгісін (e-learning) қолданады. Ол жобалау, құрылыс және компъютер желiлерiнiң қызмет көрсету жаттығулары бар зертханалық жұмыстардан тұрады.

Желілік технология бойынша Студенттік олимпиада Қазақстанда тұңғыш рет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Cisco Network Academy Program» халықаралық білім бағдарламасының қолдауымен өткелі отыр.

Олимпияданың мақсаты IТ-технология салсындағы, телекоммуникациялық технологиялар және олардың қосымшаларының саласында кәсiби бағдарланған дарынды студенттерді анықтау және қолдау. Студенттерді Ұлттық және халықаралық инфокоммуникациялық жобаларға белсенді қатысуға шақыру болып табылады.

Олимпиада 6 маусымда Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Масанчи көшесі 39/47.

Қосымша ақпараттарды http://olimpcisco.kz мекен-жайынан алуға болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі