«Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясының «Биология мен биоәртүрліліктің өзекті мәселелері» секциясының қорытындылары

16 сәуір, 2021

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде 7 сәуір күні студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті. Конференция ашылуында биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Казыханұлы сөз сойлейді. Ары қарай секцияларда баяндамалар тыңдалды. Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері секциясы бойынша 14 организациядан 130 тезис келіп түсті, төраға: б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна болды және секция мүшелері: б.ғ.д., профессор Мухитдинов Наштай Мухитдинович, б.ғ.д., профессор Нуртазин Сабыр Темиргалиевич, б.ғ.к., доцент Мамилов Надир Шамилевич, аға оқытушы Жаркова Ирина Маратовна қатысты. Барлығы 16 студент баяндама жасады, оның ішінде төмендегі студенттер жүлделі орынға ие болды: I-орынды, Ким Леонид (IV-курс) ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Мамилов Н.Ш.; II-орынды, Адал Лашын (IV-курс), ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцента Омарова Ж.С., II- орын Жанысбай Гүлмарал (IV-курс) ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Шалгимбаев С.М.; III-орынды, Туралиева Гульбакыт (II-курс, магистрант) ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Ахтаева Н.З., Искаков Акжан (I-курс, магистрант) ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Мамилов Н.Ш.; Казтай Асель (IV- курс) ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Есжанов Б.Е. Барлық жетекшілерді студеттерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз.

Авторы: Хасенғазиева Г.Қ.

 

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz