Жұмыс беруші компаниямен онлайн кездесу өтті
17 сәуір, 2021

2021 жылдың 8 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері жұмыс беруші Қытай мұнай-газ компаниясының өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді.
Бұл кездесуде Қытай мұнай-газ компаниясы өкілдері компанияның қысқаша тарихы туралы айта келіп, компанияның жұмыс әлеуеті, бүгінгі таңдағы қажетті мамандық түрлері, болашақ бітіруші түлектерге қойылатын талаптар мен жаңа мүмкіндіктер туралы мағлұмат берді.
Өз кезегінде кафедра оқытушылары мен студенттері өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Онлайн кездесу өте сәтті өтіп, болашақта тиісті келісімдер жасалып, ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге сенім білдірілді.
Басқа жаңалықтар

11 шілде, 2025