Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында оқитын шетелдік тыңдаушылар жыл сайынғы студенттік конференцияға белсенді қатысады. 7 сәуір күні кафедра оқытушыларының жетекшілігімен VІІІ Халықаралық Фараби оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдардың ХХХVІ халықаралық ғылыми конференциясының секциялық отырыстары өтті.
Конференция баяндамалардың тіліне байланысты үш секция бойынша өткізілді: қазақ, орыс, ағылшын секциялары. Конференция географиясы өте өкілетті: 11 елден (Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Моңғолия, Түркия, Ауғанстан, Өзбекстан, Украина, Түрікменстан, Марокко) 43 қатысушы. Барлығы 40 баяндама айтылды. 11 жоғары оқу орындарыңың жас ғалымдары биылғы оқу жылындағы конференцияға қатысты: аль-Фарби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық ғылыми-зерттеу университеті, Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті, Нұр-Мүбарак университеті, Қазақ инженерлік-технологиялық университеті, Чжецзян университеті (Қытай), Кабул университеті (Ауғанстан), Қандағар университеті (Ауғанстан), Жоғары білім институты (Ауғанстан), Шейх Зайд университеті (Ауғанстан).
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы 35 жылдан астам уақыт бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізгі бөлімшесі болып табылады, ол Қазақстан жоғары оқу орындарына түсу үшін шетелдік тыңдаушыларды оқытумен айналысады.