Қазақ даласының ұлы ақындары: Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаев

20 сәуір, 2021

 

2021 жылдың 16 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Махметова Д.М., Несіпбаева З. С. және Луговская Е. И., сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің филология кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Матжанова Жұлдызай Князьевна «Қазақ даласының ұлы ақындары: Жамбыл Жабаев және Мұқағали Мақатаев» атты іс-шара өткізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің 1-курс магистранттары мен студенттері және Тараз мемлекеттік университетінің студенттері шараға Microsoft Teams платформасы арқылы қатысты. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

Алғашқы сөзді «Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында презентация дайындаған ХТОВ 101 тобының магистранты Оразғалиева Әлия алды. Ол өз презентациясында ақын шығармашылығындағы негізгі кезеңдер туралы айтып, оның басты шығармаларына тоқталды. Тұсаукесер Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әнге негізделген шағын бейнероликтің көрсетілімімен аяқталды. Презентациядан кейін ХТОВ 101 тобының магистранттары Естемес Санжар мен Қанай Дәулет Kahoot платформасында «Мұқағали Мақатаев» тақырыбында викторина өткізді.

Викторинадан кейін Жамбыл Жабаевтың әлемдік мұрасына арналған презентация әзірлеген магистрант Өмірзақова Арнұр сөз алды. Ол Жамбылдың мұражайы мен ҚазҰУ-да ашылған Жамбыл атындағы зерттеу ғылыми орталығы туралы әңгімеледі. Әл-Фараби Атындағы ҚазҮУ ХТОВ 102 тобының магистранттары дайындаған келесі презентация ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналды. Өз презентациясында ХТОВ 102 тобының магистранттары Жамбыл өмірінің түрлі кезеңдерін баяндап, Жамбылдың Кеңес зиялыларының көрнекті қайраткерлерімен бірге түскен қызықты фотосуреттерін көрсетті.

Іс-шара «Жамбыл мен Мұқағали Мақатаев – өз Отанының адал ұлдары, олардың өмір жолы – болашақ ұрпақ үшін ұлы үлгі» тақырыбындағы пікірталаспен аяқталды.