«Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ археологиясы: бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері»

20 сәуір, 2021

Тарих факультеті, факультеттің жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы және Алматы қаласының «Ақылды ұрпақ» жобасы аясында жас ғалым, археолог Бесетаев Бауыржан Берканұлымен «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ археологиясы: бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері» атты ZOOM платформасында студенттер, магистранттар мен докторанттар, жас ғалымдар арасында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қазақ археологиясының қазіргі таңдағы дамуы мен өзекті мәселелері айтылып, экспедициялар мен қазба барысында табылған жәдігерлерге шолу жасалынды. Кездесу соңы сұрақ-жауаппен жалғасып, мазмұнды әрі толыққанды мәліметтермен аяқталды.

(сәуір, 2021 ж.).

 zoom_0.mp4