
2021 жылдың жиырма алтыншы ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығының магистранты Садық А.Ғ. және де Компьютерлік физика мамандығының екінші курс студенттері ұйымдастырған “Green Campus” жобасы аясында көгалдандыру іс-шарасы өтті.
Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат: қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамыту және университеттің экологиялық тұрақтылығын дамыту мақсатында.
Іс – шараның міндеттері: парниктік газдар шығарындыларын азайту және қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту.
Бұл іс-шара жаңа онлайн форматта, жаңа замануи технологияларды пайдалана отырып қызықты әрі тартымды өтті. Студенттер университетті көгалдандыру жолдары туралы өздерінің ойларымен бөлісті.