«Цифрлық Қазақстан: болашаққа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел

20 сәуір, 2021

ЭжБЖМ “Экономика” кафедрасы 23 сәуір 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Цифрлық Қазақстан: болашаққа көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік іс-шара өткізеді. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтеді.

Мақсаты - Қазақстандағы цифрлық технологияларды дамыту мен енгізудің қазіргі жағдайын қарастыру, COVID-19 пандемиясының цифрландыру үдерісіне әсерін бағалау және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігін арттыру бойынша негізгі шараларды анықтау.

Ұйымдастырушылар: “Экономика” кафедрасының ҒИЖ жөніндегі меңгерушінің орынбасары, PhD, доцент м.а. Қондыбаева С.Қ., э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Ғ.Р. және “Экономика” мамандығының 1 курс магистранттары

Дөңгелек үстел Zoom платформасында өткізілетін болады.