«Білім – ер азығы, Ер – ел азығы»

2021 жылдың он екінші ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығының магистранты Садық А.Ғ. және де Компьютерлік физика мамандығының екінші курс студенттері ұйымдастырған «Білім – ер азығы, Ер – ел азығы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат: студенттерді ізгі қасиеттерге ниеттендіру, жеке тұлға ретінде өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру, адами құндылықтарды дәріптеп, адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс – шараның міндеттері: студенттердің бір-біріне деген құрметін арттыру; жақсы ойлап, дұрыс сөйлеуге талпындыру; ортасын сыйлауға тәрбиелеу.
Бұл іс-шара жаңа онлайн форматта, жаңа замануи технологияларды пайдалана отырып қызықты әрі тартымды өтті. Жақсылық жайлы халық даналығындағы шығарма, өлең, мақал – мәтелдер айтылды.
Басқа жаңалықтар
