«Қазақстанның киелі географиясы» Farabi University

«Қазақстанның киелі географиясы»

20 сәуір, 2021

2021 жылдың он екінші наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығының магистранты Садық А.Ғ. және де Компьютерлік физика мамандығының екінші курс студенттері ұйымдастырған «Қазақстанның киелі географиясы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат: болашаққа деген сенімі, ой – өрісін дамыту.

Іс – шараның міндеттері: студенттердің туған жеріне еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, елінің мүддесін қастерлеп,оны азамат болуға тәрбиелеу.

Бұл іс-шара жаңа онлайн форматта, жаңа замануи технологияларды пайдалана отырып қызықты әрі тартымды өтті. Рухани жаңғыру жобасы бойынша Қазақстан елінің түбегейлі жаңғырту міндеттері және жаңа идеялар талқыланды.