Магистранттың ғылыми тағылымдамасы
ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2021 жылдың 29 наурыз бен 08 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (www.kaznu.kz) «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының магистранттары Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының халықаралық – құқықтық факультетінде (Ресей Экономикалық даму министрлігінің БССА) онлайн режимінде ғылыми тағылымдамадан өтті (http://www.vavt.ru/).
Ресей экономикалық даму министрлігінің БССА халықаралық құқық кафедрасы дайындаған тағылымдама бағдарламасына сәйкес магистранттар он күн бойы келесі оқу сабақтарына қатысты: онлайн-дәрістер, тәжірибелік семинарлар, мастер-кластар, диссертацияларының мазмұндық бөлігіне қатысты жетекші ғалымдармен жеке кеңестері бойынша талқылауға қатысты, Фараби Әлемі халықаралық конференциясына қатысу үшін ғылыми мақалалар дайындады.
Тағылымдамадан өту барысында магистранттар Ресей ЖОО кітапханасының электрондық ресурстарына, оқытылатын курстар бойынша оқу-әдістемелік материалдарға қол жеткізіп, магистрлік зерттеу тақырыптары бойынша қосымша материалдар жинау үшін ғылыми қорды пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
Ғылыми тағылымдаманың соңғы күні з.ғ.д., халықаралық құқық кафедрасының доценті И.М. Лифшиц басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесіне арналған бірлескен ғылыми семинар өтті, онда магистранттар презентациялармен сөз сөйлеп және магистрлік диссертациялардың ережелерін талқылады.
Тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша магистранттар құнды тәжірибе, жаңа білім қорын, тағылымдамадан өту туралы сертификаттарды және ғылыми жетекшілердің оң пікірлерін алды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасы ғылыми тағылымдаманы өте жақсы және жемісті ұйымдастырғаны үшін РФ Экономикалық даму министрлігі Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының халықаралық бөлімінің бастығы И.Н. Школярға, халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор В.М. Шумиловқа, з.ғ.д., доцент И.М. Лифшицке және халықаралық құқық кафедрасының барлық профессорлық - оқытушылық құрамына ғылыми тағылымдама кезінде магистранттарды дайындағаны және қолдағаны үшін алғыс білдіреді.
Ресей және Қазақстан халықаралық құқық мектептерінің оқу орындары арасындағы педагогикалық тәжірибесі мен білім алмасу магистранттарды даярлау сапасын жетілдіруге, ғылымда жаңа білім мен жаңалықтар алуға қуатты серпін береді.