«Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ Үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпаздары анықталдыFarabi University

«Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ Үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпаздары анықталды

22 сәуір, 2021

2021 жылдың 18 ақпаны мен 30 наурыз аралығында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Үздік жас ғалымы» байқауы өтті. Оған ҚазҰУ жас ғалымдары қатысты. Байқау мақсаты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жас ғалымдары мен қызметкерлерін қолдау, олардың ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыру, ғылыми жетістіктерін оқу үдерісіне енгізу. Байқау бірнеше талаптарды қамтыды.

Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының PhD докторы Сериккалиева Ажар да аталмыш байқауға қатысып, бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша бірнеше жас ғалым «ҚазҰУ Үздік жас ғалымы» атанды. Олардың қатарында Сериккалиева Ажар да бар. Біз әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!