- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат
«Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат
Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік үшін күрес жолы туралы жастарды толық хабардар ету.
Іс-шара ұйымдастырушылары: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс, АЖ-18-3 тобының студенттері және топ куратор-эдвайзері Абдрахманова М.Б.
Бірінші болып топтың куратор-эдвайзері Абдрахманова М.Б. ашық сабақтың тақырыбын жариялау, ашық сабаққа бастау берді.
Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушісі Әбіш Назымға берілді. Назым ұсынылған презентацияға сәйкес Қазақстан тәуелсіздікті қай кезде және қандай еңбекпен алғаны туралы қысқаша мәлімет берді.
Келесі сөз кезегі топ студенті Акимжанов Есілге берілді. Есіл қазақ елінің тарихында талай қиыншылықтар кезінде елі мен жері үшін батылдық танытып, жаулардан қорғаған, ел қорғауды ұран етіп, сол жолда құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырларды еске алды.
Келесі кезекте топ студенттері Төлеп Калима мен Әбдуәлі Ақниет тәуелсіздікке арналған «Тәуелсіздік» және «Тәуелсіздік тұғыры» өлеңдерін оқыды.
Ашық сабақты Өтесінова Ақнұр мен Жұмағұлова Гүлбақыт 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің барысындағы оқиғалар желісімен таныстыру арқылы жалғастырды. Желтоқсан қаһармандары Лаззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтің қысқа ғұмыры және тәуелсіздік үшін күресі жайлы Мақұлбек Динара, Баймұратова Ақерке, Макен Маржан және Хуанбек Айкүміс жеке-жеке тоқталып айтып өтті. Далажанова Жібек Қайрат Рысқұлбековтің монологын мәнерлеп оқыды.
Куратор-эдвайзер техникалық ақаулар себебінен іс-шараның соңында дыбыстық байланыста болмағандықтан, қорытынды сөзді топ студенті Құтлымурад Жанат алып, студенттердің ұсынған материалдарының мақсаты және құндылығы туралы қорытындымен ашық сабақты аяқтады.
Ашық кураторлық сағаттың жазбасы https://youtu.be/qe4ZExp3ogg сілтемесі бойынша қолжетімді.
Ақпараттық жүйелер кафедрасы