«Жаһандану және ұлттық тәрбие» атты республикалық дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелде магистрант Хасенова Жазира Тоқтасынқызы қатысушыларға «Жаһандану және ұлттық тәрбие» тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігі турасында кіріспе сөз сөйледі. Модератор ҚазҰУ-нің «Исламтану» мамандығының 3-курс студенті Нұрахыман Елиза бүгінгі таңда ұлттық тәрбиеге әсер етуші дін, салт-дәстүр, өнер, телевидения, гендерлік, блогерлікке қатысты өзекті мәселелерді қозғап, қонақтарға сұрақтар қойды. Аталмыш дөңгелек үстелге қонақ ретінде Азия және Еуропа чемпионы, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Назаров Ардақ Құттығожаұлы және ҚМДБ-ның Жастар ісі секторының жетекшісі, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Көкірекбаев Ермек Жамбылұлы қатысып, қойылған сұрақтарға ұтымды жауап беріп, студенттермен пікір алмасып, кеңестерін айтты.
Дөңгелек үстелге Қазақстанның әртүрлі унисерситтерінен 70-тен аса студент пен магистрант қатысты. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақ ұлттық медицина университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті студенттері мен магистранттары қатысып, көкейтесті сұрақтарын ортаға салды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушылары Мұқан Нұрзат пен Шағырбай Алмасбек қатысты. Дөңгелек үстел соңында аға оқытушы Әскенұлы Е. қорытынды сөз сөйлеп, қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«Дінтану және мәдениеттану кафедрасы»
аға оқытушы Әскенұлы Е.
«Исламтану» мамандығы магистранті Хасенова Ж.