«Тәуелсіздіктің тарихи құндылықтары» Farabi University

«Тәуелсіздіктің тарихи құндылықтары»

30 сәуір, 2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Тәуелсіздіктің тарихи құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

 

Конференция мақсаты Қазақ мемлекеттілігі тарихының өзекті мәселелерін қарастыра отырып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерді және ондағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қызметі мен рөлін, сондай-ақ тәуелсіздіктің тарихи маңызын талқылау болып табылады.

Конференция жұмысында пәнаралық синтез негізінде тарихи оқиғалардың маңызы, жекелеген тұлғалардың қызметі арқылы олардың тәуелсіздік тарихына қосқан үлесі қарастырылады. Сонымен қатар саяси, құқықтық, мәдени және әлеуметтік салаларды зерттеуге байланысты жүргізілген ізденістердің негізінде жасалған ғылыми тұжырымдар сарапталады.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-         Отан тарихының өзекті мәселелері (Жауапты: Дауытбекова М.Қ., байланыс номері +77025247739, Marzhan.Dautbekova@kaznu.kz);

-         Тәуелсіз Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи-құқықтық аспектілері (Жауапты: Алимкулов Е.Т., байланыс номері +77017140181, Erbol.Alymkulov@kaznu.kz);

-         Тәуелсіздік жылдарындағы елдік сана:бүгіні мен болашағы (Жауапты: Аликбаева М.Қ., байланыс номері +77074297879, Marzhan.Alikbaeva@kaznu.kz).

Конференцияның өткізілу тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияға отандық, шетелдік жетекші тарихшы, заңгер, филолог, қоғамтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшада беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби ғылыми кітапханасы. Басталуы: сағ.11.00

Өткізілу форматы: Онлайн 

 

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!