Магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы
30 сәуір, 2021
2021 жылдың 01-15 наурыз аралығында "7М05102 - Биомедицина" мамандығының магистранттары Тәсібекова Г.Т., Қыдыркен А.Б. қалалық ревматологиялық орталығында (Алматы қ., ҚР) "Магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы" бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдама аясында магистранттар қызметтің тиісті салаларындағы негізгі инновациялармен танысып, қанның иммунологиялық талдауларының заманауи әдістерін үйренді және биомедицина саласында өз біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, магистранттар ревматологиялық орталықтың мұрағатында диссертацияларының тақырыптары бойынша мәліметтер жинау жұмыстарын жүргізді.
Басқа жаңалықтар
26 ақпан, 2026
26 ақпан, 2026