Позитивті психология, ағым және көшбасшылықтың табысы неде? Құпиясын біл!» тақырыбындағы венгриялық PhD, профессор Золтан Бузадидің мастер-классы

30 сәуір, 2021

 

2021 жылдың 20 сәуір күні венгер ғылымы, PhD, Будапешт (Венгрия) қаласының Корвинус Университетінің профессоры Золтан Бузади әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының студенттеріне және магистранттарына «Позитивті психология, ағым және көшбасшылықтың табысы неде? Құпиясын білтақырыпта мастер-класс өткізді.


Золтан Бузади экономика және басқару саласында көптеген ғылыми мақалалардың және монографиялардың авторы және «Басқару және көшбасшылық теориясы (Ағымавторларының бірі, «Ағым және көшбасшылық саласында зерттеулердің жаһанды бағдарламасының» директоры (www.flowleadership.org). Мастер-класс шеңберінде профессор соңғы жырма жылда қарқын дамып келе жатқан психологиялық зерттеу бағытының позитивті психологиямен тыңдармандарды таныстырды. Сондай ақ, ол өзінің ғылыми жаңалықтарымен бөлісті және өзінің Қазақстанмен қарым қатынстарымен, ғылыми қоғамдастықпен байланыстары туралы айтты. Бұл бағдарлама білім беру саласы үшін өте қызықты және маңызды, сондықтан профессор әл-Фараби атындағы ҚазҰУмен және «Бизнес-технологиялар» кафедрасымен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді. Профессор, қазақ және венгер мәдениеттері бір бірін толықтыратын мәдениеттер екенін атап өтті.


Соңғы 5 жылда Қазақстанда Профессор Золтан Бузади жүздеген менеджерлерді оқытты. Олардың арасында көбісі өнеркәсіпте және қаржыда үлкен табыстарға жеткен, мысалы, Қазақстандық қор биржасының директоры. Қазіргі уақытта профессор Золтан Бузади білім беру саласында көшбасшылықты дамытуға және новатор-оқытушылардың жаңа ұрпағын қалыптастыруға өз үлесін қосуда. 2021 жылдың қазан айында ендігі Ph.D. курсына қатысуға дайынсыз ба?