Қазақстан халықтарының бірлігі күні
29 сәуір 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Халенова А.Р. ,Алиярова Л.М. «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында онлайн іс-шара өткізді. Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
150-ден астам ұлт пен ұлыс өмір сүретін елде бейбіт өмір сүру үшін өте қажет достық, түсіністік пен келісім.Қазақстанның үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, Еврейлер, армяндар, грузиндер және басқа да көптеген ұлттардың өкілдері: бұл халықтардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді, бірақ біздің республикамыздың аумағында олар бір достас халық болып табылады және бұл бірінші мамыр мерекесінің мәні. Филология және әлем тілдері факультеті « курс студенттері презентация түрінде республика халықтарының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті мен өмірі туралы түрлі-түсті ақпараттар ұсынды.
Шараның басты мақсаты бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу., рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, бір-біріне деген азаматтық және адами қатынастар, сонымен қатар біздің көп ұлтты Қазақстанымызда достықта, сүйіспеншілік пен келісімде өмір сүру.