"COVID-19 пандемиясы және әлеуметтік-экономикалық салдары"Farabi University

"COVID-19 пандемиясы және әлеуметтік-экономикалық салдары"

4 мамыр, 2021

18.02.21. 16.00. АЖ 1906 тобының студенттері үшін "COVID-19 пандемиясы және әлеуметтік-экономикалық салдары" тақырыбына арналған жетекші сағат өткізілді. Топ жетекшісі  Жумартов М.А. және топ старостасы мен Ержанқызы С. COVID-19  вирусының таралуы туралы мәліметтер айтылды. Бұл жаңа туындаған бұрын белгісіз жұқпалы ауру корона вирус және әр түрлі дәрежеде адамдардың әртүрлі топтарына әсер етеді. Көпшілігінде ауру жеңіл немесе орташа ауырлықта жүреді және ауруларды ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Вирус негізінен жөтелу, түшкіру немесе тыныс алу кезінде адамның тыныс алу жолдарынан тамшылар арқылы беріледі, олар ауада ұзақ тұрмайды және тез заттың бетіне орналасады. Вирус жұқпалы заттың бетінен көздің, мұрынның немесе ауыздың шырышты қабаттарына қолмен де беріледі. Студенттермен, пандемияның адамзат өмірінің барлық тараптарына әсері талқыланды. Қазіргі уақытта ауру екі миллионға жуық адамның өмірін қиды және 190 елде 30 миллионнан астам адамды жұқтырды. Инфекцияның мутацияланған түрлері пайда болып жатыр. Күнделікті өмірдегі шектеулер, отбасынан бөліну адамдардың психикалық денсаулығына байланысты проблемалардың шиеленісуіне ықпал етті. Пандемия мен карантиндік шаралар әлемдік экономикаға теріс әсерін тийгізді. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, биыл планетаның экономикасы орта есеппен 5,2 пайызға қысқарады деп күтілуде. Топ студенттері осы тақырыпқа  презентация даярлады.