Сертификаттау емтиханынан сәтті өтті

4 мамыр, 2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының түлектері үшін Ресей Федерациясының Инфрақұрылым және білім беру бағдарламалары қорының қолдауымен «Инновациялық өнімді стандарттау жөніндегі маман» кәсіби стандартының сәйкестігіне сертификаттау емтихан өтті.

Инфрақұрылым және білім беру бағдарламалары қоры стандарттау бөлімінің инновацияларды нормативті-техникалық қолдау бөлімінің бастығы Иван Гребенников «Наносертификаттау - инновация үшін кадрлар» сертификаттау жүйесі түлектерді техникалық саладағы кәсіби қызметке бейімдеу және инновацияларды нормативті қолдаудың өзекті міндеттерін шешуге бағытталған қажетті білімдер мен дағдыларды бекіту үшін құрылғанын атап өтті. ЖОО түлектерін сертификаттау тәжірибесінің таралуы ЕАЭО елдерінде білімді кәсіби стандарттардың талаптарына сәйкес бағалаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Түлектердің сертификаттары «Наносертификаттау - инновация үшін кадрлар» жүйесінің тізіліміне енгізілген - http://nanocertifica.ru/reestr-nki/.

Ресейлік әріптестер біздің түлектердің инновациялық стандарттау саласындағы кәсіби дайындық деңгейіне жоғары баға берді.

 

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ