Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ашық-тәрбие сағаты
17 сәуір 2021 жылы, Zoom платформасында онлайн форматта «шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Н. А. Сүттібаевпен бірге Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жылдығын құрметіне арналған ашық - тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу, патриоттық сезімдер мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, Жамбыл Жабаев мұраларын тарату және насихаттау ашық-тәрбие сағаттың басты мақсаты болды. Бұл білім беру іс-шарасының айрықша ерекшелігі - 1 курс студенттерінің баяндамалары мен презентациялары үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болды.
Іс-шара Жамбыл Жабаевтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы бейнефильм көрсету арқылы ашылды. Студенттер Жамбыл Жабаев өмірінің қызықты беттермен және кейбір белгісіз фактілермен танысты.
Ашық-тәрбие сағатқа қатысушылар өздерінің баяндамалары мен презентацияларында Жамбыл Жабаевтың бүкіл өмірі қазақтың ән-күйіне арналған еді. Биылғы жылы Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерейтойы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығымен тұспа-тұс келгені назар аудартады.
Жамбыл Жабаев үміттер мен үмітсіздіктерге, жеңістер мен жеңілістерге толы қиын өмір сүрді.
Іс-шара барысында Жамбыл Жабаев туралы бейнероликтер тамашалап, ән мен күйін тыңдадық. Сонымен қатар Жамбыл Жабаев өміріндегі қызықты хикаяларды да тыңдадық. Жамбыл Жабаев туралы қызықты мәліметтерге де куә болдық.
Ашық-тәрбие сабақта Тажокова Балауса Жамбыл Жабаевтың өмір-баянына қысқаша шолу жасаған болса, Базыл Батухан Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы баяндады. Сонымен қатар, ашық-тәрбие сағат барысында көптеген ребустар шешіліп, сабақ соңында Жамбыл Жабаевтың өмірі туралы тест жұмыстары мен сөзжұмбақтар шешілген болатын
Бұл іс-шараның қашықтағы форматына қарамастан, ашық-тәрбие сағатқа қатысушылар арасында достық қатынастар дамып, байланыстар орнатылып, тұрақты ынтымақтастық туралы тілектер айтылды.