"5В021200-Шығыстану" мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада 2021 жылғы 26 сәуір

5 мамыр, 2021

2021 жылдың 26 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде "5В021200-Шығыстану"мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиада жапон, корей, қытай және араб тілдері бойынша өткізілді.
Олимпиадаға 39 студент қатысты, оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің 17 студенті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультетінің 14 студенті және Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шығыстану кафедрасының 8 студенті қатысты.
Комиссияның төрағасы белгілі арабтанушы, ф.ғ.д., «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің доценті Мухитдинов Р.С болды. Комиссия мүшелері болып шетелдік демеушілер және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің жетекші оқытушылары тағайындалды.
Олимпиаданың демеушілері БАӘ Қызыл Жарты Ай қоғамы, Алматы қ.Корея Республикасының Білім беру орталығы, Алматы қ. Оңтүстік Кореялық кәсіпкерлер қауымдастығы, Ким чи kz Корея компаниясы, Корея Республикасының корейтану академиясы, Цукуба университеті, Алматы қ. ҚХР Бас консулдығы болды.
Олимпиада 2 кезең бойынша өткізілді. Тапсырма нысаны 1 кезеңде оқытылатын елдің тілінде Эссе болды. 2 кезеңде студенттер "Қазақстан және оқытылатын ел: өткені мен бүгіні"тақырыбында презентация жасады.
Олимпиаданың жабылуында жеңімпаздарды жариялады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Құдайберген Сара қытай тілінен жеңімпаз атанды(1 орын), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Советова Мөлдір (2 орын), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 3 курс студенті Паржан Сымбат (2 орын), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 4 курс студенті Байсеркенов Ален (3 орын), Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 3 курс студенті Жұмағалиева Жанерке (3 орын), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенті Ділтан Мерей (3 орын).

 


Жапон тілі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Сушы Аружан жеңімпаз атанды (1 орын), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Берекеев Қайсар (2 орын), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 3 курс студенті Рүстем Яншело (2 орын), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 3 курс студенті Владислав Пищалин (3 орын).
Корей тілі пәнінен бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Қалиева Гүлден жеңімпаз атанды (1 орын), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенті Өтеген Гаухар (2 орын), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 2 курс студенті Кеунимжаева Жансая (2 орын), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенті Бакумбайкызы Аружан (3 орын), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 2 курс студенті Челеукен Аида (3 орын), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті. Барлығбаева Мадина.

 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Аида Есенбекова (1 орын) , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенті Избасаров Саят (2 орын), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Абсадыкова Алиша (2 орын), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Шаеке Альбина (3 орын), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті Балтабекова Алима (3 орын).

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!


Олимпиада жеңімпаздарына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дипломдары, демеушілерден ақшалай сыйақы және Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығынан ҚХР жоғары оқу орындарына магистратураға гранттар ұсынылды.