ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҚазҰУ арасында әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойылды

10 маусым, 2011

10 маусымда 2011 ж. ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротовты (Санкт-Петербург, Ресей) қабылдады. Кездесудің мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер ассамблеясының парламентаралық хатшылық кеңесімен ғылыми, білім, гуманитарлық және жақын қызметтік бағыттағы әріптестік келісім-шартына қол қою болды.

Бұл келісім шарт негізінде біріге отырып ғылыми-тәжірибелік конференция, семинар,симпозиумдар өткізіледі, нақты бағдарлама жасап, студенттердің өндірістік тәжірибеден ТМД Парламентаралық Ассамблеясында өтуге мүмкіндік жасау және мемлекетаралық әріптестік жөнінде жобалар жасау іске аспақ. Кездесуге факультет декандары мен экономика және бизнес жоғарғы мектебінің мен заң факультеттерінің студенттері қатысып, ҚазҰУ қонағына көкейдегі сауалдарын қойып, жүздесу барысы пікір алмасуға ұласты. Өз кезегінде Михаил Кротов кітабын университет кітапханасына сыйға тартып, екі жақ естелік суретіне түсті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі