- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Білікті маман – жарқын болашақ» атты «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ашық сабақ өтті.
«Білікті маман – жарқын болашақ» атты «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ашық сабақ өтті.

27.04.2021 ж. «Білікті маман – жарқын болашақ» атты «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында менеджмент кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор м.а. Тургинбаева А.Н., э.ғ.к., доцент м.а. Аширбекова Л.Ж., оқытушы Досмбек А., «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1-курс докторантарының ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Менеджмент және МжЖБ студенттерінің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру, «Болашақ» бағдарламасы бойынша толыққанды ақпарат беру, тәжірибелермен бөлісу.
Міндеттері:
- Әрбір мамандықтың ерекшелігіне қарай белсенділігін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды таныстырып, 1, 2, 3 курс студенттерін тәрбиелеу.
- Жақсы ойланатын сұрақ қойған студенттерге мотивациялау ретінді кітаптар сыйға берілді.
Шақырылған қонақтар – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлектері, Айдос Шамбулов Сарыагаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, АҚШ, UC Davisуниверситетінің түлегі, Арман Нарботаев “Болашақ” бағдарламасының стипендиаты, Пенсильвания университетінің магистранты!
Онлайн - кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен ашылған «Болашақ» бағдарламасын таныстырып, спикерлерлер өздерінің ойларымен бөлісіп, студенттік кездегі қызықтарымен бөлісті. АҚШ пен Қазақстан елдері арасындағы байланыс пен білім беру, мәдениет саласындағы ерекшеліктерімен бөлісті.
Онлайн-кездесуге ЭжБЖМ факультетінің 1,2,3 курс студенттері мен докторанттары, профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Қонақтардың сөз сөйлеуінен кейін студенттер тарапынан қызықты сұрақтар болды.
Сондай-ақ, кездесу барысында "ең үздік сұрақ" байқауы ойнатылып, нәтижесінде студенттерге қонақтарға естелік сыйлық табыс етілді. Осындай іс – шаралар алдағы уақытта өскелең ұрпақты игі істерге, қоғамға ашық болуға және жақындарына шын жүректен шабыттандырады деп үміттенеміз, өйткені еріктілік-бұл патриотизмді білдіру және қоғамға қызмет ету нысаны!
Басқа жаңалықтар
