Шәкәрім Құдайбердіұлының таңдамалы шығармаларыFarabi University

Шәкәрім Құдайбердіұлының таңдамалы шығармалары

10 мамыр, 2021

Куратор-эдвайзер: Абдикаров Рамзат

Екінші курс студенттерімен «Шәкәрім Құдайбердіұлы» тақырыбында кураторлық сағат өткізіліп, студенттер ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор жайында өздерінің ашық ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.

 

 

Тақырыпты талқылау барысында студенттер Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірін терең танып, өз ойларын ашық жеткізе білді. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтың қазынасы болған.