"ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

14 маусым, 2011

ҚазҰУ-де қазіргі жағдайдағы республикалық білім беру үрдісінің барысы қаралмақ

АЛМАТЫ. 14 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Маусымның 17-сі күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстанның ЖОО проректорларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылым мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтеді.

Іс-шара аясында «Қазіргі жағдайдағы білім беру үрдісі» атты дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

Топтар бойынша модульдік бағдарламаларды жоспарлаудағы құзыреттілік тәсілдер, студенттердің өзіндік жұмысы оқытудың негізгі бір фомалары ретінде, ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта есептеудегі қазақстандық моделі аясында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру бағыттары бойынша өзекті мәселерді талқылау өтеді.

Академиялық ұтқырлықты, жазғы семестрге студенттердің қатысуын белсендіру және ғылыми, білім беру қызметтерін интеграциялауды жүзеге асыру мақсатында республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің секция мүшелері биология, химия және физика факультеттерінің ғылыми-зерттеу зертханаларын, журналистика факультетінің теле-радио кешенін, жастар ақпараттық орталығын аралайтын болады.

Сонымен қатар мәжіліс барысында рифке сәйкес (РОӘК және ҚР БҒМ) оқу басылымдарын ұсыну, 1 бакалавриат, 7 магистратура, 13 докторантура мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламаларын бекітуге ұсыну қарастырылмақ.