Студенттерге білім беру барысы талқыланды

17 маусым, 2011

17 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның ЖОО проректорларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтті. Жиналысты ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ашты. Университеттен барлығы 38 адам және республикалық ЖОО-нан 28 қатысушылар келді. Мәжіліске арнайы ҚазҰУ-дың оқытушы-прфессорлар еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Топтар бойынша өзекті мәселерді талқылау келесі бағыттарда өрбіді:

- модульдік бағдарламаларды жоспарлаудағы құзыреттілік тәсілдер;

- студенттердің өзіндік жұмысы оқытудың негізгі бір фомалары ретінде;

- ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта есептеудегі қазақстандық моделі аясында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру.

Іс-шара жоғарыда аталған баяндамалар аясында «Қазіргі жағдайдағы білім беру үрдісі» атты дөңгелек үстел өте қызу талқымен өтті. Әр жоғарғы оқу орындарынан келген қонақтар өз ойларын ортаға салып, бакалавриаттағы мамандық атауы мен магистратурада бакалавриатта оқытылған мамандықтың қайталануы қаншалықты қажет, жаңа мамандық енгізілуде кеңесетін орта болса, бір оқу орнында бар мамандықты, келесі оқу орын да біліп отырғаны артық етпейді деген ұсыныстар болды. Докторантураға келгенде, шетелдік басылымдарда мақалалары жариялануы тиіс деген сұрақ біраз жиналған мамандарды толғандыратыны байқалды.

Академиялық ұтқырлықты, жазғы семестрге студенттердің қатысуын белсендіру және ғылыми, білім беру қызметтерін интеграциялауды жүзеге асыру мақсатында РОӘК секция мүшелері республикалық жоғарғы оқу орындарының студенттерін ҚазҰУ-дағы биология, химия және физика факультеттерінің ғылыми-зерттеу зертханасы, журналистика факультетінің теле-радио кешені, жастар ақпараттық орталығымен танысып, тәжірибе алуға жағдай жасалынып отыр. Оқу ісі жөніндегі проректор Гүлнәр Балақаева «осы күнге дейін Павлодар университетінің студенттері келіп іс-тәжірибеден өткенін, бүгін Қарағанды университетінің студенттері тәжірибелерін өтуде, зертханалық жұмыс жасаудағы ҚазҰУ мүмкіндіктері кең, басқа университтер де студенттерін жіберсе, біз тек қуанамыз», - деп айтты.

Сонымен қатар мәжілісте келесі мәселелер де қарастырылды:

- грифке сәйкес (РОӘК және ҚР БҒМ) оқу басылымдарын ұсыну;

- 1 бакалавриат, 7 магистратура, 13 докторантура мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламаларын бекіту мен РОӘК секциясы мәжілісін қорытындылап, резолюцияны қабылдау.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі