- Басты бет
- Жаңалықтар
- COVID – 19: COVID – 19 коронавирустық инфекциясының диагностикасы мен емдеу шараларының клиникалық хаттамасын қолдану
COVID – 19: COVID – 19 коронавирустық инфекциясының диагностикасы мен емдеу шараларының клиникалық хаттамасын қолдану

2021 жылдың 5 наурызында шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының 2-3 курс студенттері арасында «Салауатты өмір салты» әлеуметтік-инновациялық жоба аясында студенттер арасында дәрігер-пульмонолог, Денсаулық сақтау менеджментінің магистрі, ҚҰФ (KNF) редакторы Ерназарова Айжан Азретовнаның қатысуымен «COVID – 19: COVID – 19 коронавирустық инфекциясының диагностикасы мен емдеу шараларының клиникалық хаттамасын қолдану» тақырыбындағы онлайн-кездесу өтті. Онлайн-кездесуді эдвайзерлер У.А.Амирбекова мен Б.Ж.Ташкенбаева ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты: Студенттердің танымдық деңгейін кеңейту, адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіру.
Онлайн-кездесуді У.А.Амирбекова адам денсаулығының маңыздылығы, топ студенттерінің амандығы, еліміздегі коронавирустық ахуал және статистикалық мәліметтер туралы айтып бастады. Кездесу қонағы Ерназарова Айжан Азретовна COVID – 19 коронавирустық инфекциясының диагностикасы мен емдеу шараларының клиникалық хаттамасын дұрыс әрі тиімді қолдану жолдарын презентация арқылы түсіндірді. Вирус жұқтырмас үшін қандай сақтық шараларын сақтау керектігін, ал вирус жұқтырған жағдайда дәрігерге жүгіну керектігін, ем-шараларды уақытылы қабылдау керектігін, емделу кезінде дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, вакцинаның маңыздылығы туралы да әңгімелеп берді. Студенттер көтерілген мәселеге қатысты қызығушылықтарын білдіріп, өздерін мазалаған мәселерімен бөлісіп, сұрақтарын қойды.
Кездесу соңында Б.Ж.Ташкенбаева пандемия кезінде студенттердің сақтық ережелерін қатаң сақтап, өз денсаулықтарын күтулерін сұранды.
Басқа жаңалықтар
