Пандемия кезіндегі психологиялық қызмет: отбасылық қарым-қатынастар және ондағы мәселелерFarabi University

Пандемия кезіндегі психологиялық қызмет: отбасылық қарым-қатынастар және ондағы мәселелер

16 мамыр, 2021

2021 жылдың 16 сәуірінде шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының 2-3 курс студенттері «Салауатты өмір салты» әлеуметтік жобасы аясында практик-психолог Крылова Алмагуль Талаповнаның қатысуымен «Пандемия кезіндегі психологиялық қызмет: отбасылық қарым-қатынастар және ондағы мәселелер» тақырыбындағы онлайн-кездесу өткізді. Онлайн-кездесуді эдвайзерлер У.А.Амирбекова мен Б.Ж.Ташкенбаева ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты студенттердің танымдық деңгейін кеңейту, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру, тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелерін болдырмаудың, оларды шешу жолдарын білудің артықшылықтарын үйрету болатын.

Кездесу барысында практик-психолог А.Т.Крылова студенттерге пандемия кезіндегі отбасылық қарым-қатынас құндылықтарын сақтау маңыздылығы туралы, отбасылық кикілжіңдер мен түсініспеушіліктер туралы, жастардың өздерін қалай ұстау керектігі туралы, қиын жағдаяттардан шығу жолдары туралы әңгімелеп берді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті маманның ақыл-кеңестерін тыңдады.